Елордада екпе алушылар саны төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екпе алушылар саны төмендеді

10.06.2021

Елордада вакцина алушылар шамалы азайып қалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Сәуірмен салыстарғанда мамыр айында екпе салдырғандардың саны айтарлықтай төмендеген. Бас қала әлі де қызыл аймақта тұр. Барлығы 19 пайыз тұрғындардың иммунитеті қалыптасып үлгерген. Алайда, коронавирусты жеңу үшін ұжымдық иммунитет 60 пайыз адамдарда пайда болуы керек. Сондықтан мамандар адам көп шоғырланған жерлерге бармауға шақырады. Өткен айдың соңғы он күнінде вирусты жұқтырудың 200 жағдайы тіркелген. 73 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Сархат Бейсенова, бас қалалық мемлекеттік санитарлық дәрігері:
Соңғы айда вакцинацияның қарқынын төмендеуін байқап, мамыр айындағы вакцинация алғандардың саны сәуір айымен салыстырғанда 46 пайызға төмен. Сондықтан мен әркімді ковид 19 вакцинация алмаған барлық азаматтарды міндетті түрді вакцина алуға шақырамын. 


Хабарламаларға жазылу