Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

10.06.2021

Мемлекет басшысы сондай ақ премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен егіс науқанының аяқталғаны жөнінде есебін тыңдады. Үкімет басшысы экономиканың пандемиядан кейінгі қайта қалпына келу сатысына өткені туралы айтты. 5 айда ішкі жалпы өнімдегі өсім қарқыны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,6 пайызды құрады. Экономиканың бірқатар секторларында жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Премьер-Министр еліміздегі эпид ахуалдың жақсарғанын айтты. Covid-19 індетінің таралуы бойынша Қазақстан «сарыдан» «жасыл» деңгейге өткенін жеткізді. Бір апта ішінде індет жұқтыру көрсеткіші 30 пайызға азайып, коронавирустың таралу индексі 0,84-ке дейін төмендеген. Қазіргі таңда 2,4 миллион адам екпенің бірінші компонентін алды, 1,3 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынған. 

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу