Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты

13.06.2021

Ұлыбритания Парламентінің депутаттары қазақстандық әріптестерімен онлайн жүздесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 жылда атқарған реформаларын саралады. Лордтар және Қауымдар палатасының мүшелері ауыл әкімдерін тікелей сайлау жөніндегі нормаларға және парламентте жастар мен әйелдерге 30 проценттік квота бөлінгеніне ерекше тоқталды.

Дүние жүзілік банкі, Азия даму банкі, Лукойл, ERG, General Electric секілді ірі корпорациялардың басшылары қатысқан шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті пленарлық отырысы шикізаттық емес тауар экспортын арттыруға арналды. Мысалы, елімізде баламалы энергетиканы, медицина туризмін дамытуға қатысты ұсыныстар көп. Иә, бюджетті ұстап тұрған – шикізат көздері. Бірақ болашағы бұлыңғыр әрі тұрақсыз екенін бәріміз білеміз.

Жиында айтылған ұсыныстардың кейбірін атап өтсек, батыстың танымал бренд киімдерін тігетін фабрикалар неге ашпасқа?- дейтіндер бар.

Жақында Президент күн, жел мен судан өндірілетін қуат көлемін 2030 жылға қарай 15 пайызға жеткізуді тапсырған. Ондай жобаларға қатысуға ірі инвесторлар кетәрі емес.



Хабарламаларға жазылу