Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», — деп жазылған өкім мәтінінде.