Ақтөбеде мектеп мұғалімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. «Мұғалім 1 сыныпта оқитын баланы 1 сағат 45 минут бойы қамап ұстап, ұрып соқты», деп оқушының әжесі полицияға арызданған. Бала бірнеше күн ауруханада жатып шығыпты.
Оған «бас жарақатын алған, миы шайқалған» деген диагноз қойылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мектептің ұжымы болса, 24 жастағы жас маманның баланы ұруы мүмкін емес деп отыр.
Алмагүл Ешмағамбетова, №45 орта мектептің директоры:
11 күні түстен кейін сағат үштердің шамасында жедел жәрдеммен ауруханаға түскен. Ол бала бүгінгі таңда қазір 16 сәуір ауруханадан шығып, бүгін сабаққа келіп отыр. Заречный полиция бөлімінен келіп, 6 полиция келіп, ата-аналармен бірге балалардан түсініктеме алынды. Ешбір бала еш ұстаз жайлы жаман сөздер айтылған жоқ. Оғаш қылық болған жоқ деп отыр.
Жақсыбек КЕМАЛ