Қару-жарақты ерікті түрде тапсыру акциясы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қару-жарақты ерікті түрде тапсыру акциясы жалғасып жатыр

14.06.2021

11 мыңдай жарылғыш зат пен 57 мың данадан астам оқ-дәрі. Сәуірдің 20-сынан бері құқық қорғау органдарымен қаруды халықтан сатып алу акциясы аясында осынша суық қару алынған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Жалпы азаматтардың қаруды тапсыру акциясы 2008-ші жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында сомасы 1,7 миллиард теңгеге 53 мыңнан астам атыс қаруы мен 2 миллиондай оқ дәрі сатып алынды. Акция қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамыз етуге бағытталған.

Асылбек Ыдырысов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:
Егер азамат ойық ұңғылы автоматты түрде бір бірлік қару тапсырған жағдайда оған 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы төленуі мүмкін. Ойық винтовка және карабиндер осы соманың жартысына дейін сомаға сыйақы төленеді. Пистолеттер мен револьверлер үшін төлем 100 мың теңге болады. Әр бірлік тегіс ұңғылы қаруға 90 мың теңгеге жуық төлем төленеді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу