ПТР тест: Жалған құжат жасағандарға қатысты 30 қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ПТР тест: Жалған құжат жасағандарға қатысты 30 қылмыстық іс қозғалды

14.06.2021

Пандемия басталғалы Қазақстанда ПТР тесттің нәтижесі мен екпе паспортын қолдан жасағандарға қатысты 30 қылмыстық іс қозғалған. Оның алтауы өткен жылы, ал 24-і биыл тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған дерек бойынша қылмыстық топтар да ұсталған. Олар құжаттарды, мөр және бланктерді қолдан жасап сатқан. Министрлік вакцинация паспорты мен ПТР тест нәтижесін қолдан жасағандарды анықтайтын арнайы мониторингтік топтың жұмыс істеп жатқанын ескертті.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу