Семейде бірегей оңалту орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде бірегей оңалту орталығы ашылады

14.06.2021

 Семейде нәрестелерді оңалту орталығы ашылады. ШҚО әкімнің бастамасымен қолға алынған жоба балаларда кездесетін туа біткен ауруларды емдеу мен алдын алуға арналған еліміздегі бірегей медицина мекеме болмақ. Қазір нысанға қажетті озық үлгідегі құрылғылар алынып, әлемдік стандарттарға сай етіп дайындалып жатыр.

Соңғы жылдары Семейде балалардың мерзіміне жетпей тууы көбейген. Салдарынан шақалақтардың арасында түрлі дертке шалдығуы да жиіледі. «Катамнез және балаларды оңалту орталығы» осы мәселені реттеу үшін қолға алынып отыр. Мамандар да, ата-аналар да өңірде мұндай орталық ауадай қажет-дейді.

Айзере Қабиева, Семей қаласының тұрғыны:
Мезгілінен ерте туған баллар, ерекше күтімді қажет етеді. Оларға дәрігерлердің сонымен қатар басқа да реабилитациялық көмектер қажет. Біздің Семей қаласында басқа орталық жоқ.

Орталық бұрын перзентхана болған мекеме ғимаратында жұмыс істейтін болады. Қазір оған қажет құрылғылар қойылып, стандартқа сай жөндеу жүргізіліп жатыр. Облыс басшысының ақпаратына сай елімізде теңдесі жоқ медицина мекемесі күзде қолданысқа берілмек.

Даниал Ахметов,   облыс әкімі: 
Балаларды 0 жастан 18 жасқа дейін оңалту жүргізіледі. Бұл өте маңызды. Қазақстанда теңдесі жоқ-деп айтуға болады. Бұл Тұңғыш Президент қорының қолдауымен іске асқалы отыр. Жақын арада аяқтап, іске қосатын боламыз.

Орталықты ашу үшін «Қамқорлық қоры» ұйымы қайтарымсыз қаржы бөлген. Медициналық мекемеде мерзімінен бұрын туған шақалақтан бастап, 18 жасқа дейінгі көмекті қажет ететін жасөспірімдер де емделеді. Қазір 30 -дан астам маман біліктілігін арттырып, дайындықтан өтіп жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу