Жамбыл облысында ауыр техникаларды арулар тізгіндеп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ауыр техникаларды арулар тізгіндеп жүр

14.06.2021

Жамбыл облысында ауыр техникаларды арулар тізгіндеп жүр. Егіс алқаптарында ерлермен қатар тер төгіп қана қоймай, олар енді студенттерді диқаншылыққа баули бастады. Ерекше мамандық иелері қазір жастармен бірге бос жатқан жерлерді игеріп, елге пайдасын тигізуде. Меркі алқаптарындағы қызу тірлікке осы өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай куә болып қайтты.

Тракторшы Әсел Рахаева үшін ауыр техниканы тізгіндеу таңсық емес. Ауылдың қарапайым келіні ешбір механизатордан кем түспейді. Көлік бұзылса өзі жөндеп алып, алқаптағы жұмысты атқарып кете береді.

Әсел Рахаева,  тракторшы: 
1-2 күн кетті үйренгенге.  Бұл трактор қазақтың қайсар қыздарына таңсық нәрсе емес деп ойлаймын, бұл техниканы игеру қиын болған жоқ. 

 Жақында ғана Әсел жергілікті ауыл колледжіне жұмысқа орналасты. Мұнда ол комбайн мен трактор жүргізу бойынша студенттерге сабақ беріп жүр. «Дуалды әдіс» бойынша оқитын жүздеген шәкірт алқап басында трактор тізгіндейді, жер жыртып, шөп шабады. Әрі оған еңбек ақы алады.

Ал, техника бұзылса көмекке келетін тағы да осы ұжымның шеберлері. Жәзира Мәдібаева дәнекерлеу ісінің маманы. Ол трактордың сынған бөлшектерін жанама жапсыру, кесу тәсілін үйретеді. Білім ошағында дәл осындай түрлі техниканың тілін меңгерген 10-нан атсам қыз-келіншек жұмыс істейді.

Жазира Мәдібаева,   дәнекерлеуші: 
Мен үшін ауыр емес. Ауыр тапсырыстар алмаймын. Бірақ сабақты үйреткен кезде мынадай нәрселерді үйреткенде бұлар макеттер жасап. Кәдімгідей қолдарының шеберліктерін дамытқаннан кейін дуальдік оқыту бойынша пркатикасын әрі қарай сол келісімшарт жасаған шаруақожалықтарына барып өтеміз.

Еңбекқор арулар студенттермен бірге 100 гектардан астам жерге арпа еккен. Күзде одан түскен пайдаға колледжге қажетті шикізат пен керек жарақты алады. Қазір қысқы мал азығын әзірлеп жатыр.

Ғалымжан Мамырбаев,  №9 Меркі колледжінің директоры: 
245 гектар жер беріп отыр. Соның өзінде 90 гектар егістік жері. Соның қазіргі таңда 40 процентін игеріп тұрмыз. Ең керекті жұмысшы маман дайындау. Қазіргі біздің ауданымызға механизаторлар керек. Соларды сапалы мықты маман ретінде дайындап нарыққа бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Қазір ауылда мехнизаторлар мен техникалық мамандық иелеріне сұраныс күшті. «Жас маман» жобасы бойынша фермер шаруашылығы мен дәнекерлеушілер де даярлануда. Сондықтан кәсіп меңгерген жастардың 90 пайызы тұрақты жұмыс табады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу