Сыр өңірінде коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағандардың саны 100 мыңнан асты. Ерікті түрде екпе алушылар қатары күн санап артып келеді.
Мәселен, өткен тәулікте облыс бойынша 2 мыңнан астам адам вакциналанды. Бүгінде емдеу мекемелері мен ірі сауда орталықтарында 106 егу пунктері қызмет көрсетіп жатыр. Жалпы өңірде вакцина қоры жеткілікті. Екпенің алғашқы компанентінен 50 мың, екіншісінен 37 мың доза бар. Айта кетейік, маусым айында облыста індет жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеп, облыс «жасыл аймақ» санатында.
Әділбек Серікұлы