Қостанай облысында 500 адамның карантин шараларын сақтамағаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 500 адамның карантин шараларын сақтамағаны анықталды

15.06.2021

Қостанай облысында биылғы жыл басталғалы карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 8 мыңнан аса рейд шаралары жүргізілген. Аймақта бұл міндетті 91 мониторингтік топ жүзеге асырады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес 600-ге тарта заң бұзушылық тіркеліп, 500 адамның карантин шараларын сақтамағаны анықталды. Әсіресе түнгі ойын сауық нысандары мен сауда орындарының шекті уақыттан артық жұмыс істеуі, той-томалақ өткізу тыйылмай тұр. Шектеуге шекесінен қараған 484 адамға 33 млн 919 мың теңге айыппұл салынған.

Ермұханбет Дәулетбаев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Оның ішінде 130 әкімшілік айыппұл – 6 млн 219 мың 876 теңге. Бұл соманы облыс тұрғындары жаппай іс – шаралар өткізгені, маска тағуға қатысыт талаптарды сақтамағаны, басқа да себептер үшін төлейді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу