Қарағанды әуе айлағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды әуе айлағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

22.04.2019

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан. Оқиға 21 сәуір күні сағат 16:25-те Балапан әуе айлағында болған. Оқиға орнында болып қайтқан тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндайды.

FK14 Polaris жеңіл авиацияның әуе кемесі Қарағандыдан 15 шақырым қашықтықта дәл осы жерде құлаған. Апат кезінде ұшақта екі адам болған. Олардың бірі - 1967 жылғы тәжірибелі нұсқаушы, ал екіншісі - небәрі 29 жастағы ұшқыш.

Ұшақ шағын авиациялық жаттығу орталығына тиесілі екені белгілі болды. Қазір тиісті органдар тарапынан оқиғаға қатысты іс қозғалды. Оқиға орнынан жақын баруға орган қызметкерлері рұқсат етпеді. Маңайдың барлығы қоршаулы. Әзірге біздегі ақпарат осы. Бұл оқиғаға қатысты барлық ақпаратты назарда ұстайтын боламыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу