Қуаңшылық жайлаған аудандарға нақты көмек көрсету қажет - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаңшылық жайлаған аудандарға нақты көмек көрсету қажет - депутат

16.06.2021

Елімізде қуаңшылық зардабын тартқан аудандарда шұғыл түрде төтенше жағдай жариялап, бюджет пен қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке жолдаған депутаттық сауалынды осы мәселені көтерді. Қиыншылыққа тап болған Мағыстау мен Қызылорда аймағына мал азығын жеткізудегі жол шығындарын субсидиялау маңызды. Себебі, зардап шеккен аудандарда жем-шөп бағасы қымбаттап кеткен. Мәселен, қазір Маңғыстауда бір түк шөптің бағасы 17 мың теңге тұрады. Ал 1 келі арпаның бағасы 95 теңгеге жеткен. Депутат қиындыққа тап болған өңірлерге көрші облыстардан уақытша жайылым алқаптары мен жем-шөп дайындауға жер телімдерін беруді ұсынды.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу