Осы уақытқа дейін ҰБТ тапсырғандардың40 пайызы шекті балл жинай алмаған. Бүгін мәжіліс депутаттары мәселені көтеріп, жауапты министрліктен мұныңсебебін анықтауды сұрады. Ал, мұндай көрсеткішке Ұлттық тестілеу орталығы мен сарапшылар не дейді? Тілшіміз тарқатады.
Онлайн оқу оңай болмады. Оны Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі көрсетті. Осылай деген мәжіліс депуттаты биылғы ҰБТ нәтижесін сынға алды. Оныңөте төмен екеніне алаңдаушылық білдірді.
Серік Ерубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өткен оқу жылындағы қашықтықтан оқыту және осыған байланысты стресстік жағдайлар түлектер көрсеткішінің нашарлағанына ықпал еткенін атап өту керек. Мысалы тек 15-ші маусымдағы тестілеудің1600-ға жуық тестілеушілердің60 мыңы немесе 40 пайызы шектен еңгере алмады. Ал, 1200-ге жуығы тестіге мүлде жіберілмеген.
Пандемия білім сапасына кері әсер еткенін сарапшылар да мойындайды. Оның үстіне ҰБТ-ныңжаңа форматы бойынша, қазір мектептерден жауапкершілік алынып тасталған. Бұл да көрсеткіштің төмен екеніне бір себеп,-дейді Аятжан Ахметжан. Бірақ, екінші жағынан биылғы көрсеткіш ҰБТ-ның таза өтіп жатқанын білдіреді.
Аятжан Ахметжан, қалалық №90 гимназия директоры:
Бұл көрсеткіш шынайы бағаға жақындау деп айтқым келеді өтірік статистикаларға үйренген. Өйткені, шынымен бізде білім сапасы төмен. Неге деген кезде бізде тәуелсіз сырттай бақылау жоқ. Мұғалім қандай бағаны қандай қояды оған тәуелсіз бағалау жоқ.
Ұлттық тестілеу орталығының мамандары оқушылардың 40 пайызы шекті балл жинай алмады деп айтуға әлі ерте,-деді. Өйткені, қазірге дейін тест тапсыруға өтініш бергендердің жартысы ғана тест тапсырған. Ал, тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады. Оған қатысуға барлығы 280 мыңнан астам оқушы өтініш берген.
Наужан Дидарбекова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
Оның ішінде 1 мүмкіндікті тапсыруға 150 мың, екінші мүмкіндікті тапсыру үшін 130 мыңөтініш келіп түсті. Бірінші мүмкіндікті де екінші мүмкіндікті де оқушылар өздері таңдайды. Өйткені, олар өтінішті онлайн форматта береді. Бірінші мүмкіндікті олар мамыр, екіншісін маусым айында тапсыруы мүмкін.
Оқушылар екі сынақтың қайсысында көп балл жинаса, сол арқылы білім грантының конкурсына қатыса алады. Ал, егер екеуінде де сүрінсе, ақылы бөлімде оқуға тапсыру үшін тағы бір мүмкіндік беріледі. Айта кетейік, тестілеу әділ әрі шын өтуі үшін биыл бейнекамералар жетілдіріліп, мониторинг жүйесі іске қосылған.
Амангелді Сейітхан