Мәскеуде миллиондаған адам вакцина алуға міндеттеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде миллиондаған адам вакцина алуға міндеттеліп жатыр

17.06.2021

Мәскеуде коронавирус қайта өршігендіктен, қызмет көрсету салаларының жұмыскерлері мен шенеуніктері вакцина алуға міндеттеліп жатыр. Жаңа ереже бойынша, саудада, қоғамдық тамақтану орындарында, банктер мен пошталардың клиенттік бөлімшелерінде, сұлулық және массаж салондарында, моншалар мен сауналарда, фитнес-клубтар мен бассейндерде, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінде жұмыс істейтіндер екпе ектіруге тиіс. Мәскеу мэриясының есебінше, міндетті вакцинаға 2 миллиондай адам тартылуы мүмкін. Ал, бұл талапқа көнбеген компаниялар 50 мыңнан жарты миллионға дейін, жеке кәсіпкерлер 50 мың, ал заңды тұлғалар 300 мың рубль айыппұл төлеуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу