Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруда олқылықтар көп. Мәселен, қазір қолданыстағы медициналық 20 порталдың 13-і қолмен толтырылады. Компьютер жүйесіндегі бағдарламалар күрделі. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында осы сынды өзекті мәселелер айтылды. Жаңа технологияларды игеру басталғанмен, емханаларда кезек күту мәселесі әлі шешілмей келеді. Салдарынан дәрігерлер қағазбастылықтан арыла алмай отыр. Сондықтан болашақта салада қағаз жүзіндегі есеп беруді мүлде алып тастау қажет. Себебі, барлық ақпарат ортақ базада сақталады. Ал орын алған мәселелерді тиісті ведомство цифрландыруға қатысты компаниялармен бірге тез арада шешуі тиіс. Жиында айтылғандай, қазір елімізде медициналық мекемелердің 98,6 пайызы компьтерлермен, 86 пайызы ғаламтормен қамтамасыз етілген.
Дарын Сағитов