Атырау облысына Спутник V вакцинасының сертификаттары жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысына Спутник V вакцинасының сертификаттары жеткізілді

17.06.2021

Атырау облысына Спутник V вакцинасының сертификаттары жеткізілді. Дәрілік препараттың 39 850 дозасы өңірдегі 41 егу пунктіне жіберілді. Қауіпсіздігі расталған вакцина екінші компонентті алатындарға салынады. Жыл басынан бері 68 411 адам I компонентпен, ал 25 мыңнан астам адам екінші мәрте салдырып үлгерген.

Қайсар Әбдіәлиев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 
Спутник V вакцинасының II компонентінің сертификатын алдық. Қазір ол бойынша ешқандай мәселе жоқ. Барлық екпе пунктеріне жеткізілді. Қазір Атырау өңірінде II компонентін белсенді алуда.

Басқа өңірлердегі екпеге де сертификат беріле бастады. Ал батыс аймақтарға жеткізілген партиялардың құжаты кеше, бірқатарінікі бүгін дайын болды. Жауапты ведомство басшыларының айтуынша, вакцинаның қауіпсіздігі расталса ғана қолдануға рұқсат беріледі.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау басқармасының басшысы:
Келіп жатқан партияларды бірден егу пунктеріне жібере алмаймыз. Әрбір партяиның тексерілуінің қорытындысы күтеміз. Сол зертхалақы талдау бірнеше күнді талап етеді. Сондықтан біртіндеп сертификатының келіп түсуін күтеміз. Енді ол бірнеше күнді талап етеді. Арнайы тексерусіз халыққа өзіміздің қауіпсіздігімізді үшін рұқсат ете алмаймыз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу