«Нұрлы жол» вокзалы «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» вокзалы «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуді бастады

17.06.2021

«Нұрлы жол» темір жол вокзалы жолаушыларға «Ashyq» қосымшасы арқылы қызмет көрсетуді бастады. Нысанның барлық кіре берістерінде QR-код орналастырылған. Келушілер смартфондар арқылы өздерінің мәртебесін анықтай алады. Егер ұялы телефонда «Ashyq» қосымшасы болмаса, Kaspi.kz, Halyk, Homebank, Aitu қосымшаларын пайдалануға болады. Сонымен қатар, азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы да мәртебені анықтауға мүмкіндік бар. Алғашқы күні қосымша көмегімен вирус жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Әділбек Нұралханов, «Нұрлы жол» вокзал кешені бастығының кезекші көмекшісі: 
21 маусымнан бастап «Алматы-1», «Алматы-2», «Өскемен» вокзалдарында «Ашық» жобасы қосылады.  1 шілдеден бастап Қазақстанның барлық дерлік воказалдарында жоба толық жүзеге асырылады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу