Мәскеуде үнді штамының мутацияға ұшыраған түрі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде үнді штамының мутацияға ұшыраған түрі тіркелді

17.06.2021

Мәскеуде үнді штамының мутацияға ұшыраған түрі тіркелді. Жалпы Ресейде екінші апта қатарынан коронавирусты жұқтыру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетіп отыр. Мәскеуден тілшіміз Индира Бегайдар байланысқа шығып тұр. Индира, жағдайдың ушығып кетуіне орай Ресейде карантин шаралары күшейтілетін болар?

Индира Бегайдар, тілші:
Ресейде өткен аптадан бері карантиндік шаралар жарияланды. Күшейтіле түсуі әбден мүмкін.Себебі 8-маусымнан бастап күніне 13-14 мың адам «Covid» жұқтырып жатыр. Әрі науқастардың 64 пайызынан үнді штаммы анықталуда. Дәрігерлердің айтуынша, бұл инфекция басқаларына қарағанда ұзақ емді қажет етеді және алдымен адамның іш-құрылысын зақымдайды екен. Ал Мәскеуде дәл осы үнді штамының мутацияға ұшыраған түрі тіркеліп отыр.Мамандардың айтуынша, ресейлік «Спутник-V» вакцинасы өзге екпелерге қарағанда тап осы инфекцияға қарсы иммунитет қалыптастыра алады.
 Александр Арутюнов, дәрігер:
Бүгінде Ресейдегі ауруханалардың 90 пайызы толған. Ел билігі 2-3 аптада бос орын қалмауы мүмкін деп отыр. Сондықтан да көпшілікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін барлық қызметкерлер екпе салдыруға міндеттелді. Олай болмаған жағдайда айыппұл арқалайды. Оның көлемі 50 мың рубль мен 1 миллион рубльдың айналасы, демек 300 мың теңге мен 6 миллион теңге аралығында. Ал жұмыс берушілер 15 шілдеге дейін қызметкерлерінің кем дегенде 60 пайызының екпе алғанын қадағалап, есеп беруі тиіс. Біз тәрізді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қолында екпе салдырғаны жөнінде сертификат болуы шарт. Міне, осындай құжатпен ғана мемлекеттік органдарға кіріп, түсірілімдерге қатыса аламыз. Ал Санкт- Петерборда мигранттарға тегіс ақылы түрде екпе салына бастады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу