Ақтауда 1 келі сәбіздің құны 850 теңгеге бір-ақ көтерілді. Дүкендерде биылғы өнім 750-850 теңгеден сатылып жатыр. Ал, былтырғы сәбіздер -535 теңгеден.
Көтерме базардың өзінде сәбіздің келісі 500 теңгеден басталады.
Тілеген Едігеев, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:Бұл қалыптасып жатқан жағдай ол маусымдық сипатта болып табылады. Алдыңғы жылғы өнімдер аяқталып, осы жылғы жаңа өнімдердің шығуы күтілуде.
Қызылорда қаласында да сәбіздің бағасы апта басында шарықтап кетті. Келісі 800 теңгеден сатылды. Ал бүгін баға түсіп,499 теңге болған.
Аягөз Оралбайқызы