Павлодарда салынып жатқан көпқабатты үй опырылып, 3 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда салынып жатқан көпқабатты үй опырылып, 3 адам зардап шекті

18.06.2021

Павлодарда кеше кешкісін салынып жатқан 4 қабатты үй опырылып, үйінді астында қалған үш адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер Өзбекстан азаматтары. 

Болат Аманбаев, тілші:
Дәл қазір апат орнында тергеу сараптамалары жүргізіліп жатыр. Құрылыстың опырылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Нысанның қабырғасы және бірінші, екінші қабаттарды бөліп тұрған бетон плиталары қираған. Оқиға кешкі сағат 20.00 шамасында болды.

Науқастар жағдайы қалыпты, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 4 қабатты үйдің құрылысы биыл наурызда басталған. Желтоқсанда тапсырылуға тиіс екен. Бұл мемлекеттік бағдарлама бойынша емес, жекенің салып жатқан құрылысы. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары құрылыстың өте қарқынды жүргізілгенін айтады. Ал, оның қаншалықты сапалы болғанын енді жауапты орган анықтайды. Полиция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Хабарламаларға жазылу