Жастар мәселелері халықаралық деңгейде талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар мәселелері халықаралық деңгейде талқыланды

18.06.2021

Бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің жастары онлайн бас қосты. Оған 25 мемлекеттің өкілі қатысты. Жиын барысында Қазақстанның еріктілері туралы көп айтылды. Былтыр пандемия кезінде күтімді қажет ететін отбасылар мен егде адамдарға еріктілер ерекше қолқабыс жасады. Міне осы тәжірибе бүгін басқа елдердің жастарына үлгі ретінде дәріптелді. Өз кезегінде кеңеске қатысушы өзге елдердің жас өкілдері өзара диалог пен әріптестік қатынастарын жандандыруға, сондай-ақ жас мамандардың әлеуметтік, экологиялық және мәдени салаларға қатысуын қолдауға уағдаласты.


Хабарламаларға жазылу