«Керуен сарай» кешені мемлекеттік стандартқа сай салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Керуен сарай» кешені мемлекеттік стандартқа сай салынған

18.06.2021

«Түркістан қаласындағы мақтаулы «Керуен сарай» кешені пенопласт пен сылақтан салынған». Шыңғыс Лепсібаев есімді фейсбук қолданушысы жеке парақшасында осылай деп жазды. Автор түркі әлемінің астанасында бой көтерген жаңа туристік кешеннің бір жылға жетпей жатып сылағы түсіп, қирап жатқанын жеткізген. Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Алайда туристік кешеннің өкілдері жаңа нысан құрылысына стандартқа сай материалдар қолданылған, дейді. Барлық ғимараттар арматуралық баған мен газоблоктан тұрғызылған. Сыртқы бөлігі қосымша жылыту әрі безендіру үшін ең жаңа технологиямен жасалған. Ал пенопласт декоративті элементтерді салу үшін қолданылған.

Абай Қарақұлов, «Керуен сарай» кешені мемлекеттік органдармен байланыс орнату директоры:
Ешқандай қауіп жоқ. Барлығы техникалық байқаулардан өткен. Мемлекеттік стандарттардың барлығына сай салынған. 

Қала әкімдігі болса нысанның инвесторлар есебінен салынғанын жеткізді. Дегенмен туристік кешеннің әкімшілігіне ауызша ескерту жасалған.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу