Женевада Джо Байден мен Владимир Путиннің кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Женевада Джо Байден мен Владимир Путиннің кездесуі өтті

20.06.2021

АҚШ пен Ресей президенттерінің Женевадағы кездесуі олардың арасындағы тоңды жібітпейтіні әу бастан айтылды. Солай болып шықты. Джо Байден Навальныйға байланысты сұраған – Владимир Путин «ол өзін қамайтынын біле тұра қасақана әрекет жасады, елге қайтып келді» деген сыңайда жауап берген. Кейін баспасөз мәслихатында АҚШ президенті «Навальный түрмеде көз жұмса не болады?»- деген сауалға, оның соңы Ресей үшін апат болып аяқталатынын айтқан. Путиннің «Кремльдің оппозицияға байланысты шаралары Вашингтондағы Капитолийді басып алмақ болғандарды сабасына түсірген құқық қорғау органдарының әрекетімен тең» дегеніне Байден «бұл екеуін салыстыру ақымақтық» деген.

Бір штрих - New York Times мынадай бас тақырып қойған: «Байден, кешір, бірақ Путинге бәрібір». Негізі бұл жерде «бәрібір» деген теңеу дөрекі естілсе де «екі қойың бір сом» деген мағынада қолданылған.


Хабарламаларға жазылу