Қостанай облысында малдан құтырма ауруы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында малдан құтырма ауруы анықталды

21.06.2021

Қостанай облысындағы Первомай ауылында құтырма ауруы тіркелді. Ірі қара өсіретін шаруашылыққа қарсақ кіріп кеткен. Жабайы аңның тісі тиген екі сиырдан алынған сараптама олардың құтырма ауруына шалдыққанын растады. 360 бас ірі қарасы бар шаруа қожалығына шектеу шаралары енгізілді. Ол 21 күнге созылады. Енді барлық мал арнайы белгіленген аумақта ғана жайылады. Сонымен қатар елді мекеннен ет өнімдерін шығаруға да тыйым салынды.

Бауыржан Бекет, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Шаруашылықта індеттің ошағы толығымен жойылды. Қажетті вакциналар жасалынды. Дезинфекция жұмыстары жасалынды. Өлген малдар өртелді. Енді тек қалып отырғаны қағаз жүзінде ғана анықталған екі бастың төлемақысын төлеу керек. 


Хабарламаларға жазылу