Түркістан облысы Ақсукент ауылындағы «Тұлпар» сауда орталығында газ баллоны жарылып, 12 адам зардап шекті. Жойқын жарылыс салдарынан 8 адам ауруханға жеткізілген. Денесінің 95 пайыздай жерін күйік шалған 5 жасар бала мен бір ересек адам ес жия алмаған күйі бүгін ауруханада жан тапсырды.
Жағдайы нашар тағы 4 әйел Сайрам ауданындағы орталық ауруханасынан облыстық аурухананың күйік бөліміне жеткізілген. Аудан әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, сауда орталығындағы дәмханалардың бірінде сыйымдылығы 50 литр болатын газ баллоны атылған.
Облыстық полиция департаменті осы оқиғаға байланысты «Өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтамағаны үшін» деген айыппен қылмыстық іс қозғады.
Навруз Манапов, Сайрам аудандық орталық аурухасының бөлім меңгерушісі:
Науқастардың жағдайы өте ауыр. Жарылыстан ең аз зардап шеккен азаматтардың өзінің 15-19 пайыздай жерін күйік шалған. Ал жалын ортасында қалып қойғандардың 75 пайыздай жері күйіп қалған. Қазір дәрігерлер оларға медициналық барлық ем шараларды жүргізіп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ