Ресейде үнді штамының өршуіне байланысты 2-мәрте екпе салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде үнді штамының өршуіне байланысты 2-мәрте екпе салынады

21.06.2021

Ресейде екпе алған, бірақ антиденелері төмендеп кеткен тұрғындарға қайтадан вакцина салынады. Сонымен қатар бұдан былай жүкті әйелдерге де екпе егіледі. Өйткені көрші елде «Дельта» деп аталатын үнді штамы өршіп тұр. Мәскеуде науқастардың 90 пайызында осы қауіпті инфекция анықталған. Сол себепті іргелес елде миллиондаған адам екпе егуге міндеттеліп жатыр. Кей өңірлерде вакцина салдырмай, коронавирус жұқтырғандар сыйақыдан қағылатын болды. Сонымен қатар екпеден бас тартқан кәсіпорын қызметкерлері жұмыстан шығарылады. Ал жедел жәрдем қызметі тек вакцина алғанын дәлелдейтін сертификаты барларға қызмет көрсетеді. Мәскеуде бүгіннен бастап күндіз-түні жұмыс істейтін COVID-free форматындағы мейрамханалар ашылды. Оған тек вакцина ектіргендер ғана арнайы код арқылы кіре алады. Қалған мейрамханалар тек 23.00 ге дейін жұмыс істейді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу