Жол апатынан аман қалған мектеп директорының бірі Ақтөбеге жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апатынан аман қалған мектеп директорының бірі Ақтөбеге жеткізіледі

22.06.2021

Ақтөбе облысында жол апатынан аман қалған екі мектеп директорының бірі санавияциямен облыс орталығына жеткізіледі.

Естеріңізге салсақ, төрт мектеп директоры мінген «ТайотаЛэнд Крузер» маркалы автокөлік Ойыл аулынан Қобда елді мекеніне қарай бара жатқанда, апатқа ұшыраған еді. Екеуі сол жерде жан тапсырды. Алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Дене жарақатын алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Бірінің жағдайы ауыр, яғни тасымалдауға болмайды. Сондықтан ол әзірге ауданда, дәрігерлер бақылауында.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу