Банк қызметкері тұрғындарға заңсыз несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк қызметкері тұрғындарға заңсыз несие рәсімдеген

15.05.2019

Павлодардың іргесіндегі шағын қала - Ақсуда банктің бір менеджері бөгде кісілерге сырттай несие рәсімдеп, 9 млн. теңге қаржыны қалтасына басқан. Ал, кейбіреуін тұрмыстық техника сататын дүкендерге қарыздар етіп қойған.

Осылайша, бірнеше ай бойы біраз адамды тақырға отырғызған банк қызметкері кейін өзі өтініш беріп,  жұмыстан шығып кетеді. Ал несиені жаппаған борышкерлерді банк биылдан бастап іздеуге кірісіпті. 20-тарта адам қарызға алған қомақты қаржының бір тиынын да төлемеген.

Алма Мұсабаева, полиция департаменті  баспасөз қызметінің бас маманы:

-Күдікті әр адамға 500 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Осылай 19 адамды алдап, Алматы қаласына қашып кеткен.  Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Өз кінәсін ол мойындады. Қазіргі таңда іс аяқталып, сотқа жіберілді

Болат АМАНБАЕВ     

 

Хабарламаларға жазылу