Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Оның "Ленинградтық өрендерім" атты өлеңіне 80 жыл толуына орай ақынның саябағында мәдени шара өтті. Ескі хрониканың кадрлары көрсетіліп, Жамбыл Жабаевтың мұражайына виртуалды саяхат жасалды. Жамбыл халықтың жоғын жоқтап, ерлікті, елдікті жырлаған ақын. Шығармалары әлемнің қырықтан астам тіліне аударылған. Бүгін де өлеңдері жатқа оқылып, өмірбаянынан тағылымды сыр шертілді.
Ламбриан Топузидис