Энергетика министрлігі жанар-жағар май мәселесі 2 күнде шешіледі деді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика министрлігі жанар-жағар май мәселесі 2 күнде шешіледі деді

22.06.2021

Ал, энергетика министрлігі бұл мәселе 1-2 күнде шешілетінін айтты. ице-министр Әсет Мағауовтың сөзінше, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына жабылған. КСМ: Ал, ол іске қосылғанша Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы жанармай бекеттері Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытынынан өнім алмаған. Себебі теміржол тарифтері қымбат. Сол себепті тапшылық болып, баға өскен. Ал, Шымкенттегі зауыт 13 маусымда қайтадан іске қосылып, қазір күніне 6 жарым мың тонна бензин өндіріп жатыр. Дизель өндірісі тәулігіне 6 мың тонна. Бұл Оңтүстікті қамтуға жеткілікті. Сондай-ақ, қазір тасымалдау жұмыстары да реттелген.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу