Енді эпидахуал бойынша статистикаға тоқталсақ. Осыған дейін «жасыл аймақта» болған Алматы қаласы қайтадан «сары аймаққа» өтті. Осылайша, бұл деңгейде қазір 5 өңір тұр. Олар: Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта». Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.
Ал, кеше 943 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 1 адам шалдығып, 1 науқас қайтыс болған. Бүгінде 21 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 400-ден көбі ауыр жағдайда. Екпе алғандар саны 2 млн 809 мың адамнан асты.
Амангелді Сейітхан