Мажарстан Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған Еуропалық Одақтағы алғашқы ел болды. Сол елдегі елшіміз Жәнібек Әбдірашов Мажарстанның Мемлекеттік хатшысының орынбасары Андраш Баранимен кездесті. Екі елдің вакцинациялау сертификаттарын өзара мойындау туралы ноталармен алмасты. Бұл азаматтардың екі елге еркін кіруіне кепілдік береді. Сондай-ақ, шекаралар ашылып, тікелей әуе қатынасы жанданады.
Амангелді Сейітхан