Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты толықтай қайта іске қосылды. Өрттің салдарын жою жұмыстарына 75 маман жұмылдырылып, олар күні-түні 3 ауысыммен жұмыс істеді. Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын заводтың газды суытатын компрессор цехы өртеніп, тілсіз жау 1 мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыған еді. Абырой болғанда адам зардап шеккен жоқ. Бірақ, кәсіпорын газ беруді тоқтатып, тек ішінара жұмыс істеген болатын. Өңірде газ тапшылығын болдырмау үшін, қордағы өнімге қосымша, Атырау мұнай өңдеу зауытынан 500 тонна газ тасымалданды. Қазір облыста 160 газ құю бекеті жұмыс істейді.
Бердібек Қартбаев, Маңғыстау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:Завод толықтай режимге өтті. Толықтай өнімін шығарып бастады. Қазірдің өзінде бізде жөнелту басталды. Газға қатысты мәселе қазір тапшылық жоқ. Жағдай тұрақты, бақылауда күнделікті.
Аягөз Оралбайқызы