Бурабайдағы «Звездный» сауықтыру орталығында 15 жасар оқушы көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайдағы «Звездный» сауықтыру орталығында 15 жасар оқушы көз жұмды

21.05.2019

Оқиға Бурабайдағы «Звездный» сауықтыру орталығында болған. Ол жерде «Алау» әскери-спорттық жарысы өткен. Осы сайысқа қатысқан Көкшетау қаласының №4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы эстафета кезінде мәреге жетпей есінен танып қалады. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Щучинск қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізіледі. Алайда, жасөспірім есін жимастан тіл тартпай кетті.

Жүгіру кезінде баланың жүрегі шыдамаған. Кейін оның бұл жарысқа мүлдем бармау керектігі анықталды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оны өзге оқушының орнына алған. Тіпті, денсаулық туралы анықтама да басқа балаға жасалған екен.

Айнұр Мусина, көкшетау қалалық білімі бөлімінің сектор меңгерушісі:

Мектеп басшылығы жұмысқа салғырт қараған үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. №4 орта мектебінің директорына қатаң сөгіс, ал, тәрбие ісі бойынша орынбасарына сөгіс жарияланды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу