Солтүстікте жылжымалы екпе пункттерінің саны көбейді. Қазір облыс орталығы мен барлық аудандарда 16 медициналық бригада жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында. Жылжымалы пункттердің халықты қабылдайтын орны алдын-ала хабарланады. Дәрігерлердің айтуынша мұндай екпе бекеттер әсіресе ауыл тұрғындары үшін қолайлы. Өйткені көпшілік емханаға бармай-ақ вакцина салдыра алады. Бүгінгі күні теріскейде 94 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді. Толық курстан 63 мың адам өтті.
Жәнібек Бейсекин, дәрігер:
Біздің ПМК осы аутобус, бүкіл ауылдарға шығып отырады. Бәрі жазылады.
Эльмира Кәленова