Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар мен жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауға рұқсат беретін болды. Бұл туралы ақпарат ұйымның сайтында жарияланды. Құжатта жеткіншектердің COVID-19 вирусын ересектерге қарағанда жеңіл еңсеретіні айтылған.
«Сондықтан, егер балалар вирус жұқтыру бойынша қаупі жоғары топта болмаса, оларды үлкендерге қарағанда жедел түрде вакциналау керек», - деп жазылған.
Бұған дейін аталған ұйым балаларға вакцина қолдану бойынша «жеткілікті деректердің жоғын» мәлімдеген еді.