Зайсан ауданында малға қандай ауру жұққаны әлі анықталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зайсан ауданында малға қандай ауру жұққаны әлі анықталмады

24.06.2021

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы ірі қара малдың неден өлгені әлі анықталмады. Осы өңірдегі шаруалар енді жайлауға шыққан малдың да ауырып жатқанын хабарлады. Шілікті ауылдық округіндегі сиырлар белгісіз індетке шалдыққаны туралы репортаж біздің арнадан екі күн бұрын көрсетілді. Мал иелері аурудың аусылға ұқсайтынын және шығын бар екенін айтқан. Іле шала Ауыл шаруашлығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Шіліктідегі малдың шығынына қауіпті аурудың еш қатысы жоқ деп хабарлады. Алайда, шаруалар министрілктің жауабымен мүлде келіспейді. Себебі, республикалық сараптаманың қорытындысы әлі дайын емес. Мамандар өлген малды көру үшін ауылға да келген жоқ дейді көпшілік. Олар осы уақытқа дейін ауырған ірі қараны өздері емдеп әуре сарсаңға түсіп жүр.

 Айболат Лекеров, шаруа қожалығының өкілі:  
Күні бүгінге дейін сараптаманы тосып отырмыз. Мамырдың 17-де алып кеткен сол беті хабар ошар жоқ. Ол кісілер көрмеген соң айта береді. Шілікті арқылы өтеді ғой жайлауға Зайсан ауданының кейбір қожалықтарының малы. Соларда ауру бар болып тұр екен, бүгінгі таңда. Бізден қалай емдеу керек соны сұрап жатыр.
 Қадес Шелекенов,  аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: 
Өткен аптадан бастап ірі қараның ауруы белгіленіп жатыр, ауру шығып. Қазір біздің ветеринарлар жұмыс істеуде. Ауылдың маңайында олар естігенмен, әлі өлген малды біздің мамандар көрген жоқ. Жайлауға көшіп жатыр. Бүгіннен бастап біз сол жерге мамандарымызды облыстан жібереміз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу