Бала отырған көлік салонында темекі шегуге тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала отырған көлік салонында темекі шегуге тыйым салынады

24.06.2021

Қазақстанда балалар отырған көлік салонында темекі шеккен жүргізушілерге айыппұл салынатын болады. Сондай-ақ, денсаулық кодексіне сәйкес елімізде темекі өнімдерін, кальянға арналған темекі мен оны қыздыруға арналған жүйелерді, электронды темекіні көлікте кәмелетке толмаған балалар отырған кезде қолдануға тыйым салынады. Сенат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті түзетулерді енгізді. Заң жобасында құқық бұзушылықтардың төрт түрі қаралған. Оларға жаза қолдану бойынша учаскелік инспекторлардың өкілеттігі кеңейтіледі. Айта кету керек, айыппұл мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды.


Хабарламаларға жазылу