Сенаттың алғашқы сессиясы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаттың алғашқы сессиясы қорытындыланды

24.06.2021

Бүгін VII шақырылымдағы Парламент Сенатының алғашқы сессиясы аяқталды. Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бас аяғы 63 заң қабылданды. Олардың 15-іне депутаттық корпус бастамашылық жасады. Палатаның қарауына түскен әр заң жобасы жан-жақты қаралып, тұрақты комитеттер мен жалпы отырыстарда кеңінен талқыланды. Азаматтар мен сарапшылардың ұсыныстары назардан тыс қалған жоқ. Осы орайда Президенттің бастамашы болуымен қабылданған жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салған заңды ерекше атап өткен жөн, - деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Сессия барысында Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын заңнамалаық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Сенаторлар өңірлерге барып, халықпен және еңбек ұжымдарымен 300-ге жуық кездесу өткізді. Бұдан бөлек тұрақты комитеттер өткізген 3 үкімет сағаты, 5 көшпелі отырыс пен 40 дөңгелек үстел мен кездесу шеңберінде Президент тапсырмаларының, заңдардың және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жан-жақты қаралды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу