Коронавирус Қытайда 2019 жылдың қазан айында тарай бастауы мүмкін. Яғни, ол Ухань қаласында анықталардан екі ай бұрын елге жайылған. Мұны Ұлыбританиядағы Кент университетінің зерттеушілері мәлімдеп отыр. Олардың баяндамасына қарағанда, ковид сол жылы қазанның басы мен қарашаның ортасына дейін жұға бастап, өзге мемлекеттерге 2020 жылдың қаңтарына дейін-ақ жетсе керек. Биыл наурыздың соңында Қытай мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ортақ зерттеу қорытындысын жариялады. Оған жүгінсек, бұл инфекция Уханьда өршімес бұрын да адамдар арасында кездескен.
Арыстан Рысбек