Қаладағы Балықшы ықшам ауданынында болған қайғылы оқиғадан, 10 жасар бала көз жұмды. Аман қалған балалардың бірі – 8 жаста, ал екіншісі – 12-де. Белгілі болғандай, олар өзен жағасындағы бетонда ойнап жүргенде 10 жастағы бала суға құлап кеткен. Достары оны құтқармақ болып соңынан секіріпті. Биыл өңірде түрлі жағдайда 11 адам судың құрбанына айналған. Оның екеуі – бала.
Қасиет Сейтқалиева, облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері:
Балалар қазір антибиотиктік терапия алып жатыр. Ингаляция алып жатыр. Барлық толық құрамды емін алуда. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Бала – біздің бақылауымызда.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ