Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті. 2013-2020-шы жылдарға арналған тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 4,83 есеге ұлғайды, электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3%-ға дейін, газ электр станцияларының үлесі 20 %-ға дейін артты. Орнықты даму міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, ол биылғы 1-ші шілдеде күшіне енеді және Еуропалық одақ елдерінің тәжірибесі бойынша ең озық қолжетімді технологиялар көрсеткіштерін пайдалану арқылы кәсіпорындарды өндірісті жаңғыртуға ынталандыруды көздейді.
Ламбриан Топузидис