Ресейде індет өршіп, карантин күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде індет өршіп, карантин күшейтіліп жатыр

28.06.2021

Ресейде карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Жұрт енді дәмханалар мен өзге де қоғамдық тамақтану орындарына тек QR код арқылы кіре алады. Яғни вакцина алған немесе жарты жыл бұрын коронавирустан емделген және ПТР тест нәтижесі теріс болған адамдардың ғана баруына рұқсат. Биліктің мұндай шешім қабылдауына індеттің қайта өршуі себеп. Елде өткен тәулікте 21 мыңнан астам адамнан вирус анықталып, 611 науқас қайтыс болды. Олардың 124-і Мәскеу тұрғыны. Бұл ел астанасы үшін рекордтық көрсеткіш.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу