Қостанай облысында құтырма індеті тіркелген ауыл карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында құтырма індеті тіркелген ауыл карантинге жабылды

28.06.2021

Қостанай облысының Первомай ауылы карантинге жабылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада осы елді мекенде екі сиырдың құтыру дертіне шалдыққаны анықталған еді. Ауру мал 300-ден астам ірі қара өсіретін шаруашылықтан шыққан. Іле шаруашылықта індеттің ошағын жою үшін зарасыздандыру жұмыстары жүргізіліп, құтырып өлген сиырлардың денесі өртелді.

 Нұрбол Қосанов, Первомай ауылының әкімі:
Шектеу шаралары қойылды. Ауылдан мал шықпайды, сатылмайды, сырттан мал әкелінбейді. Сиырлардың бәріне екпе жасалды. Ауру малды баққтан малшыларға да вакцина егілді.


Хабарламаларға жазылу