Люксембургта «Қызғалдақ» фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Люксембургта «Қызғалдақ» фильмі көрсетілді

28.06.2021

Люксембург жұртшылығы режиссер Сергей Дворцевойдың «Қызғалдақ» фильмін тамашалады. Туындының көрсетілімін еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі мен «Қазақстан-Люксембург» ынтымақтастығы қауымдастығының өкілдері бірігіп ұйымдастырды. 2008-жарыққа шыққан фильм 61-Канн фестивалінде «Ерекше көзқарас» номинациясына ие болған-ды. Фильмде әскерден оралған Асхат Қызғалдақ есімді қызға ғашық болып, ауылда мал шаруашылығымен айналысуға бел буады. Асхаттың әпкесінің рөлін Самал Еслямова сомдайды. Туындыда қазақ шопандарының тұрмыс-тіршілігі, ұлы даланың сұлулығы кеңінен баяндалады. Көпшілік қазақ актерларының кәсіби шеберлігіне тәнті болып, туындыны жоғары бағалады.

 Ива, көрермен:
Фильм маған қатты ұнады. Жанымды тебірентті. Бұған дейін көрген туындыларыма еш ұқсамайды. Осындай ерекше дүниені көрсеткендеріңізге мың алғыс.
 Марк, көрермен:
Туынды тылсым сырға толы. Өте шынайы түсірілген. Басты кейіпкер ғашығына қол жеткізу үшін қиындыққа мойымайды. Мақсатыңа жеткенше, берілмеу керек екенін ұғындырды.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу