Маңғыстауда тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап, дәстүрлі садақ атудан «Қаламқас мерген» атындағы 1-республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 35 спортшы қатысуда. Бабы мен бағы оза шапқан мергендер алда Қырғыз елінде болатын халықаралық додада ел намысын қорғайды.
Жарысқа қатысушылар бабы келіскен спортшылар. Маңғыстаулық Жеңісбек Етірек 9 жасынан бастап ұлттық спорт көкпар тартып, бәйгеге шауып жүрді. 2 жылдан бері садақ атуды да үйреніп алды. Алғаш қатысқан жарысында-ақ үздіктер қатарынан көрінді.
Жеңісбек Етірек, жарысқа қатысушы:
Соншалықты қиын болып жатыр. Бас жүлдені алуға тырысамын,
Турнир қыздар мен ерлер арасында өтуде. Іріктеу турында қыздар садақты 40метр қашықтықтан, ал финалға шыққандары 50 метрден атады. Ерлер болса 50 метрден бақ сынап, үздіктері 70 метр қашықтықтан садақ атып жарысуда.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Садақ атудың өзіндік технологиясы және екі түрі бар. Қазақ үлгісінде жебені оң жаққа шығарып бас бармақты қысып түрып атады. Ал европалық әдісте жебені солға шығарып, екі саусақпен тартып түрып атады. Мен қазір қазақ үлгісінде атып көремін. Қатты сөкпеңіздер себебі садақты қолыма алғаш алуым.
Дәстүрлі садақ ату - спорт ретінде 3 жылдан бері дамып келеді. Федерация құрылып, 9 аймақта орталықтар ашылды. Бүгінде оларда 600 ге жуық мерген бар. Оның 200-і Маңғыстауда.
Диас Ахмет, Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті:
Қазақтың кодында бар дүние, сондықтан дәрстүрлі садақ атуды енді қолға алып, қазақ өзін танығалы бұл садақ ату өнері ары қарай дамып келе жатыр. Қазіргі таңда үлкен қызығушылықпен дамып келеді.
Садақшылар додасына Маңғыстаулық мерген қыздың есімі арнайы берілді. Бозашы түбегінде туып өскен Қаламқас, жаугершілік заманда бес қаруын асынып, аттан түспей ел қорғаған батыр.
Аягөз Оралбайқызы