Бразилияда «дельта» штамынан алғашқы науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда «дельта» штамынан алғашқы науқас қайтыс болды

28.06.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 181 миллионнан асты. Көптеген елде инфекцияның үндістандық «дельта» нұсқасы өршіп тұр.

Бразилияда одан алғашқы науқас қайтыс болды. Індетке шалдыққан жүкті әйел кесарев тілігімен сәбиін босанып, көп ұзамай ауруы асқынып, көз жұмған. Жалпы елде соңғы тәулікте ковид жұқтырғандар саны 33 мыңнан асты.

«Дельта-штамм» Оңтүстік Африка Республикасына да кең тарап жатыр. Елде пандемияның үшінші толқынының шарпуына коронавирустың дәл осы түрі себеп болған. Жұма күні мұнда оны 18 мыңнан астам адам жұқтырып, 215-і қайтыс болды.

Сонымен қатар, тез жұққыш «дельта» варианты Австралияда, Германияда, Италияда, Португалияда да өршіп, бұл мемлекеттердің үкіметтерін вакциналау науқанын жеделдетуге, шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүрлеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу