СҚО-да ерлі-зайыптылар ыстан уланып көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да ерлі-зайыптылар ыстан уланып көз жұмды

29.06.2021

Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыптылар пештен шыққан түтінге уланып көз жұмды.

Оқиға Тайынша ауданының Горькое ауылында болған. Мамандардың болжамы бойынша, үй иесі толық жөнделіп бітпеген пешке от жағып, ұйықтап қалған. 44 жастағы ер адам мен 39-дағы әйелдің мүрдесін туыстары тауып алған. Ыстан уланған 14 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.

Дмитрий Растихин, ТЖД басқарма бастығы:
Бөлімшеге тұрғын үйде 2 адамның мүрдесі мен ессіз жатқан жасөспірім табылғаны туралы хабарлама түсті. Мамандар жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған пешке көмір жағылғанын анықтады. Көршілер де мұны растап отыр. Үйдің шатырында күл салынған шелектер табылды. Түттін мұржадан шықпай, үйге тараған. Марқұмдардың мәйіті сараптамаға жіберілді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу