Бангладеш астанасы Даккадан сан мың адам кемелер мен пойыздарға және өзге де көлікке мініп, басқа қалалар мен елді мекендерге қашып жатыр. Себебі мұнда шілденің 1-де жаңа карантин күшіне енеді.
Локдаунға байланысты кеңселер жабылып, халықтың жүріс-тұрысы шектеледі. Бұл режимнің қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.
Бангладеште пандемия соңғы күндері қайта өршіді. Мұнда коронавирусты 900 мыңға жуық адам жұқтырып, 14 мыңнан астамы қайтыс болған.
Арыстан Рысбек